spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданы бойынша жылыту маусымы 25 қыркүйектен басталды. Дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақкөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудан бойынша 38 қазандық, 35 білім беру объектілері, 28 денсаулық сақтау нысандары және 28 мәдениет ошағы мен 60 көппәтерлі тұрғын үйлер дайындалды.

Ақкөл ауданы бойынша жылыту маусымына  27 086 тонна қажет болса, оның ішінде 18 300 тонна Ақкөл қаласының коммуналдық қазандықтарына жөнелтіледі.

2020 жылдың 13 қазанындағы жағдай бойынша, ауданның тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілері жылу желілеріне қосылған.

Әлеуметтік сала объектілерінде (мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінде) және көп пәтерлі тұрғын үйлерде температуралық режимнің күнделікті мониторингі жүргізіледі.

Аудан әкімдігінде автокөлік ұсынумен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жұмысын бақылау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымының өтуі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, кәсіпорындар, бюджеттік сала ұйымдары объектілерінде аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img