spot_img
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Елімізге ұшақпен ұшып келген 6 адамнан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанға халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылардың ішінен қанша адамнан COVID-19 табылғанын жариялады.

Қазанның 6-12 күндері аралығында елімізге халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келген. Оның ішінде 11 966 жолаушыда ПТР анықтамасы болса, 2 596 жолаушыда мұндай анықтама жоқ. Сондықтан ПТР тест тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге жатқызылған.

Тест тапсырған 2 596 адамның ішінде тек 6 Қазақстан азаматынан коронавирус табылды. Олар әртүрі әуе рейсімен және әртүрлі күндері келген. Алматыға келген үш (10 және 12 қазан), Нұр-Сұлтанға келген бір (9 қазан) және Шыкентке келген екі (11 қазан) жолаушыдан анықталды.

Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Бұған дейін елордаға Бұған дейін Мәскеуден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус табылды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика