spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11.9 C
Kokshetau

Көкшетаулық тұрғын 10 жыл бойы алимент төлемей келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда 10 жыл бойы алимент төлемеген тұрғын үйін сатса да, қарызын жаба алмады. Ер адам үйін сатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Aqmola News

«Көкшетау қаласындағы бір бөлмелі үй 3 660 950 теңгеге сатылды. Оның өзі 10 жыл бойы жиналып қалған қарызды жаппай қалды. Ажырасқаннан бері әкесі өзінің екі баласына мүлде алимент төлемеген. Осы уақытқа дейін жалпы қарыздың мөлшері 4 миллион теңгеден асып кеткен», – дейді Ақмола облысының аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Жанар Әбілқасымова.

Іздеу жарияланған кезде ер адамның Солтүстік Қазақстанда тіркелгені анықталыпты. Ендігі кезекте қарыздың қалған бөлігін қайтарумен сот орындаушылары ары қарай айналысады.

Жалпы Ақмола облысында бұл істерге қатысты 10 507 атқару құжаты қордаланған. Оның ішінде 1399 іске нүкте қойылса, 3396 іс атқарылып жатыр (жұмыс орнынан берілетін айлық есебінен алимент ұсталып жатыр).

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img