spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында Көкшетау техникалық институтының 1 курс курсанттарының салтанатты ант беру рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, облыс әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ аталған сала ардагерлері қатысты. Шара азаматтық қорғаныс органдарының 25 жылдығына арналды.

Министр өз сөзінде өз өмірін адамдардың өмірін төтенше жағдайлар мен апаттардан құтқаруға арнаған курсанттардың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті.

«Әрбір курсант ант бере отырып өз елі мен оның азаматтарына қызмет етуге, қиындыққа тап болғандарға көмек беріп, азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге жауапкершілік арқалайды. Бұл абыройлы іс қоғамға аса қажет, – деп атап өтті Юрий Ильин.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру  қажеттілігін атап, ал 9 қыркүйек күні тиісті Жарлыққа қол қойылған.

Биыл Көкшетау техникалық институтына 189 абитуриент қабылданған. Олардың 147-і бүгін ант рәсімін қабылдады. Жалпы институт осы уақытқа дейін 26-рет бірінші курс курсанттарын қабылдаған. Институт қабырғасынан 5 мыңнан астам мамандар шығарылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img