spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
7.1 C
Kokshetau

Шучинск қаласындағы студенттер жатақханасына мемлекеттік бағдарламамен күрделі жөндеу жүргізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Шучинск қаласындағы жоғарғы педагогикалық колледжінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бес жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішіндегі ауқымдысы колледж жатақханасының күрделі жөндеуден өткізілуі,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жатақхананың инженерлік және электр жүйелері мен едені ауыстырылды. Жалпы айтқанда, студенттерге көрсетілетін қызметтер жақсарып қалды. Бүгінде барлық жұмыстар аяқталды, – дейді колледж директоры Галина Бичун.

Жұмыстарды атқарған мердігер «Кокшетау ЛТД» серіктестігі. Жобаны жүзеге асыру кезінде барлығы 83 жұмыс орны құрылса, олардың ішінен 43-і Жұмыспен қамту мекемесі тарапынан.

«Бізде жатақханадан басқа екі ғимарат бар. Колледждің салынғанына биыл 90 жыл, қосымша корпустарға 50 жылдан астам уақыт болды. Ғимараттардың сырты жөнделіп, қасбаті қапталды. Тағы бір жақсы жоба баскетбол-волейбол алаңының абаттандырылуы. Колледжде дене шынықтыру бөлімі бар. Болашақ мұғалімдеріміз  өз дағдыларын қалыптастыра алатын мұндай алаңдардың болуы аса маңызды,-деп атап өтті білім ошағының директоры.

Бас корпуста жылу жүйелері толығымен ауыстырылды. Мұндағы ең басты мақсат студенттерге арналған қызмет сапасын арттыру.

Жалпы колледжде 1 027 студент білім алып жатыр. Осы жылы пандемияға байланысты оқу бөлімдері біріктірілді. Мысалы, музыкалық және техникалық мамандықтардың студенттері қалыпты штаттық режимде білім алуда. Онда барлық санитарлық талаптар орындалады.

 

Қалған студенттердің барлығы қашықтықтан оқып жатыр.  «Смартнэйшн колледж» жүйесін қолданудамыз. Мұғалімдер барын салуда. Барлық жағдайлар қадағаланып, мониторинг жүргізіліп отырады. Пандемия ұзаққа созылмай қалыпты білім беру процесіне көшеміз деп ойлаймын,- дейдіГалина Бичун.

Жатақхана 300 орынға арналған, жыл сайын  студенттерге толады.

 Мамандар тапшылығы жоқ, 70 мұғалім қашықтықтан білім беруде. Бұл ішін мұғалімдеріміз дайындық курстарынан өткізілді, – дейді колледж директоры.

Биылғы жылы Бурабай ауданында мемлекеттік бағдарламамен барлығы 46 жоба іске асырылып жатыр. Бұл үшін бір жарым мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген. Олардың 800-і Жұмыспен қамту мекемесі арқылы жүзеге  асуы тиіс. Бүгінде жеті жүзге жуық жұмыс орны құрылған.

Колледж жұмыстарына Жұмыспен қамту арқылы 43 адам жұмысқа тұрды. 20-сы жастар. Екеуі жазасын өтегендер болса, 8-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ақылы жұмысқа тартылды,-дейді Бурабай ауданының Жұмыспен қамту мекемесінің директоры  Кенже Иманқұлова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img