spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстан коммунистері ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынды, деп хабарлайды Aqmola News.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша COVID-19 вирусының ерекшелігі жасы алпыстан асқан адамдарды алып кетіп жатуында. Адам алпыстан кейін қартайып, иммундық реакциясы төмендейтіндіктен, денсаулық жағдайы нашарлап, ауру-сырқауы көбейеді. Бұл жағдай вирус жұқтыру ықтималдығын арттырып, індет жұқтырған жағдайда алпыстан асқан кісі қайтыс болып та кетуі мүмкін», – деді Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы, ҚР Парламентіндегі аталмыш партия фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Оның келтірген мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2020 жылдың тамыз айынан бері 110 981 адам қайтыс болған. Олардың ішінде жасы алпыстан асқандардың саны – 78 637, яғни 71 пайызы.

Күн суығандықтан ел ішінде тұмау-сырқау артып, COVID-19 вирусынан өлім-жітім ықтималдығы күшейе түседі.

«Қазақстан халқы үлкенге құрмет көрсете білетін жұрт. Коммунистер COVID-19 вирусының екінші толқыны келетіні болжанып жатқан уақытта әсіресе егде жастағы кісілерді сақтауымыз керек деп есептейді. Олардың оқшаулануына жайлы жағдай жасалып, олардың мәселелерін реттей білуіміз керек. Осыған байланысты «Халық коммунистері» фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013 жылы әйелдердің зейнет жасын ұзарту бойынша зейнетақылық реформаға қарсы шыққан едік. Республиканың түкпір-түкпіріндегі азаматтарымыздың үніне құлақ аса отырып, әйелдер мен ер адамдардың зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынамыз», – деді ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img