spot_img
Сәрсенбі, Шілде 15, 2026
26.2 C
Kokshetau

Бүгін қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Сондай-ақ...оқыңыз
Жыл сайын 6 қазанда қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өңірдегі қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Ақмола облысында да қорғаныс өнеркәсібіне маманданған бірнеше іргелі кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Бүгінде қорғаныс өнеркәсібі саласында «Камаз Инжиниринг» акционерлік қоғамы, «Тыныс» акционерлік қоғамы, «811 автожөндеу зауыты КИ», «Каз АРМС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты бірнеше кәсіпорындар еңбек етуде. Жыл сайын бұл кәсіпорындар еліміздің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға сүбелі үлесін қосып келеді. Барлық инженерлер мен шеберлерді, ғалымдар мен конструкторларды және басқа да жұмысшыларды сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс кәсіпорны ардагерлерін осынау кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.
Қазіргі таңда ақмолалық кәсіпорындар жүк және арнайы автокөліктер, арнайы мақсаттағы автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету, күш құрылымдарына арналған амунициялар өндірісі жүзеге асырылуда.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика