spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі праймериз қатысушыларына алғыс хаттарын табыс етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Nur Otan»партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев праймериз қатысушыларына алғыс хаттарын табыс етіп, олардың белсенді позициясы мен өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға мүдделіліктерін атап көрсетті, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

«Nur Otan» партиясы елімізде алғаш рет жалпыұлттық праймериз өткізді. Партияішілік сайлау ашық түрде ұйымдастырылып, еліміздегі нақты белсенді, абыройлы да мақсатты көшбасшыларды анықтау оның негізгі қағидасы болды. Алдын ала дауыс беру қорытындылары Ақмолалықтардың жоғары белсенділігі мен өңірдің қарқынды дамуына қалайтындықтарын көрсетті. Облыста ішкі партиялық дауыс беруге 827 адам қатысқан. Үміткерлер түрлі форматтарда кездесулер ұйымдастырып, еңбек ұжымдарымен және халықпен кездескен. Қатысушылар бұқаралық дебаттарға қатысып, халықтың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді.

 

Облыс елімізде ең үздік нәтижелердің бірінен көрінді. Кандидаттарға партиялықтардың 91,4 пайызы дауыс берген. Бұл жерлестеріміздің азаматтық позициялары мен барлық жасампаз процестерге қатысуға әзір екендіктерін көрсетті, -деді Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімі алдағы барлық деңгейдегі мәслижаттар мен Парламент Мәжілісінің саулауындағы сайлауалды науқанына праймериз көшбасшыларының ірі командалық жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Сонымен қатар жиында өңір басшысы  «Халық алғысы» медалін бірқатар жасотандықтарға табыс етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img