spot_img
Жексенбі, Тамыз 30, 2026
11.2 C
Kokshetau

Шортанды кентінде кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен дөңгелек жөндеу цехін іске қосты

Сондай-ақ...оқыңыз
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлік негіздері курсынан өткен шортандылық азамат өз кәсібін ашып, дөңгелек жөндеу цехін іске қосты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Шортанды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік бағдарлама қатысушысы аудан тұрғындары үшін бірнеше жұмыс орындарын ашқан.
Азиз Махмед Шортанды кентінде тұрады. 2019 жылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, Автожуу құрылысы үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша 4 млн.теңге сомасына шағын несие алды. Көлік жуу орнының ашылуы 2020 жылдың наурыз айында өтті. Шаруасын дөңгелетіп үлгерген кәсіпкер, дөңгелек жөндеу цехін де іске қосты.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл Автожуу ашылды, бүгінде – шиномонтаж. Барлық жастарға бұл өзін-өзі жүзеге асырудың, өз тілектерін орындаудың бірегей мүмкіндігі екенін айтқым келеді. Ең бастысы – мақсат қою», – дейді Азиз Махмед.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика