spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Буллинг тақырыбында «Únsіz qalma» жобасы қолға алынды. Жоба бойынша жасалған материалдарды  Unsiz qalma — YOUTUBE арнасынан,  @unsiz.qalma инстаграм парақшасынан, Malim.kz порталынан көре аласыздар,-деп хабарлайды «Aqmola News»  Malim.kz-ке сілтеме жасап.

«Únsіz qalma»  ұжымы биылғы жылы Internews Kazakhstan ұйымдастырған білім саласының проблемаларына арналған медиажобаларды дамытуға арналған Content Lab лабораториясына қатысқан болатын.  Нәтижесінде іріктеуден өткен 10 команданың ішінен Internews-тің қолдауына ие болып, грант ұтып алды.

ЮНИСЕФ-тің  2017 жылы жариялаған дерегі бойынша Қазақстанда әрбір үшінші мектеп оқушысы сыныптастарынан зорлық-зомбылық көреді.  Ол – физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, кемсіту, бір сөзбен айтқанда – «буллинг».

Алайда қазақ қоғамында “бәріміз төбелестік”, “солай өстік”, “бала ғой”, “қойшы, ештеңе етпейді” деген түсінік бар.  Әсіресе  мектепте буллинг оқиғаларының бар екенін,  бұл қалыпты өмір еместігін аудиторияға сезіндіруді мақсат еттік.   Осы бағыттағы «Únsіz qalma» жобасының жұмыстарын оқырман мен көрермен назарына ұсынып отырмыз.

Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында дайындалды. «Únsіz qalma» ұжымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың, АҚШ үкіметінің немесе  Internews ұйымының ұстанымына сай келмеуі мүмкін,-делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img