spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Подгорное ауылындағы мәдениет үйінің жөнделгені тұрғындарды қуантты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданындағы Подгорное ауылындағы мәдениет үйі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жөнделді. Нысанды жаңғырту жұмыстарының барысы ауданға жасалған журналистерге арналған прес-тур кезінде белгілі болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Нысан 1994 жылы пайдалануға берілген. Содан бері мұндай толық қанды жөндеу жүргізілмеген. Клуб меңгерушісі Лидия Макогонның ақпаратына сәйкес, мемлекеттік бағдарлама аясында 7 млн. 120 мың теңге бөлінген. Жұмыстарды мердігер «КокшеCity» серіктестігі жүргізуде.

«Бүгінде нысанның қас беті жөнделіп, терезелері ауыстырылып, қоршау орнатылды. Өткен жылы шатыры жөнделген болатын. Көрермен залы мен фойе де жөнделді. Сахналық киімдеріміз бар, енді жаңа креслолар әкелінбек.Мұның барлығы шынын айтқанда, ауыл тұрғындары мен қызметкерлерімізді қуантып отыр,-дейді Лидия Макогон.

Бұл жерге балалар үйірмелеріне келеді. Әртүрлі ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Ауылдың ошағына айналған мәдениет үйінде концерттер ұйымдастырылады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика