spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысына компьютерлік техниканың алғашқы легі жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы мектептеріне компьютерлік техниканың алғашқы партиясы жеткізіліп, Целиноград ауданына 250 данасы жіберілді. Бұған дейін келген бес мың дана техниканы талапқа сәйкес келмегендіктен кері қайтаруға тура келген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлім етті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Барлық мәселені облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қадағалап жатыр. Кемшіліктерді түзету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

 

Басқарма басшысының мәліметінше облыстағы қашықтан оқытылып жатқан 63 мыңнан астам оқушының бес жарым мыңнан астамында жеке компьютері болмаған. Олардың бәріне уақытша қолдануға компьютерлік техникалар берілген. Облыс мектептеріндегі қолда бар 16 мыңнан астам компьютерлік техникалардың 4,5 мыңға жуығы ауыстыруды қажет еткен.

Биыл жергілікті бюджеттен 2422 компьютер техникасын алу үшін 493 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, облыста 23 мыңнан астам компьютерлік техникаларды алуға 3,5 миллиард теңге сомасында қаражат жұмсалды. Бұл облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, бес оқушыға бір компьютерге дейін жеткізуге мүмкіндік берді, – деді басқарма басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img