spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған қыз табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының барлық тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған жиырма жастағы Айшолпан Садықова табылды. Полиция оны жергілікті мейманханалардың бірінен іздеп тапты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Отбасылық жағдайларға байланысты жоғалған қыз біраз уақыт жалғыз болғанды жөн санапты.

Естеріңізге сала кетсек кеше 28 қыркүйек күні Көкшетау қаласының полициясы басқармасына жүгінген қыздың анасы Айшолпанның үйден белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтып арызданған.

Қызды іздеп табу мақсатында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары сауда орталықтарын, қала көшелері мен аулаларын, тәуліктік дүкендер мен медициналық мекемелерді түгелге жуық шолып шықты. Айшолпанды жоғалғаннан кейін көрген адамдар болғаны да анықталды. Жүргізілген іздеу нәтижесінде полиция қызметкерлері Айшолпанды жергілікті мейманханалардың бірінен іздеп тапты. Ол отбасындағы мәселелерге байланысты біршама уақыт жалғыз қалуды жөн көріпті. Полиция қызметкерлері жоғалған қызды ата-анасына жеткізді, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Із-түзсіз жоғалған қызға қандай да бір құқыққа қайшы әрекет жасалмағаны анықталды.

Ақмолалық полиция қызметкерлері жастардың жоғалуындағы басым себептердің бірі ата-аналар мен балалары арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан болады. Осыған байланысты полиция өз жақындарына әрқашан сақ болып, балаларға мұқият қарым-қатынас жасау қажеттігін ескертеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика