spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
5.9 C
Kokshetau

Сандықтау ауданының әкімі мектептердің қысқы маусымға әзірліктерін пысықтауда

Сондай-ақ...оқыңыз
Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев аудан мектептерінің қысқы маусымға әзірлігі мен мемлекеттік бағдарламалармен жүргізілген жөндеу жұмыстарын назарға алды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Сандықтау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Аудан әкімі кезекті сапарында Мәдениет ауылындағы орта мектепке барды.
Мектеп қысқы маусымға толықтай әзірленген. Әрі қазірден бастап мектепті жылуға қосылған. Үш айға жететін 133,8 тонна көмір, КТ300 жаңа екі жылу қазандықтары қойылған. Сондай-ақ, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен жаңадан пластикалық терезелер қойылған. «Мәдениет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен көмір қоймасы салынған. Ал ата-аналар мен мұғалімдердің күшімен мектеп ауласында жылыжай салынған.
Мектеп директоры Любовь Кистанованың айтуынша мектеп штаттық режимде барлық санитарлық нормалармен жұмысын жалғастыруда.
Мектеп штаттық режимде жұмыс істегендіктен балалар сабаққа қатысуда. Ауырған балалар жоқ. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып отыр, – дейді Любовь Кистанова.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img