spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Қазақстанда жұмыссыздар саны 5 пайызға өсті

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың екінші тоқсанында елімізде 454 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға көп. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады, ал бір жыл бұрын 4,8% болған, деп хабарлайды «Aqmola News» finprom.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жұмыссыз қалған ер адамдар саны 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, әйелдер арасында – 5,4%.

Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде төмен. Осылайша, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адамды, қалаларда 279,2 мың адамды құрап отыр.

Жұмыссыздардың дені оңтүстік аймақтарда: Алматы қаласы, Алматы облысы және Түркістан облысында тұрады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика