spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда 20 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер үйден шыққан күйі оралмаған жиырма жастағы қызға іздеу салды. Қайда кеткенін үй ішіне де айтпаған қызды іздеуге қазір облыстың барлық тәртіп сақшыларымен қатар ерікті адамдар да жұмылдырылған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полиция қыздың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген адамдарға 102 арнайы желісіне хабарлауды сұрайды.

 

Бүгін Көкшетау қалалық полиция басқармасына жүгінген 51 жастағы әйел 2000 жылы 17 қыркүйегінде дүниеге келген қызы Айшолпан Маратқызы Сыздықованың кеше күндізгі үштер шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күй қайтып оралмағанына арызданған.

Полиция қыздың хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы арыз түсімен жедел іздестіру шараларын бастады. Қыздың әріптестерінен, туған-туыстары мен көршілерінен, достары мен таныстарынан жауап алынды. Олардың айтуынша қыз ешқандай артық қылығы жоқ, ақылды қыз болған. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камералары тексерілуде. Тәртіп сақшылары қаланың барлық жан-жағын түгел тінтіп, оқиға куәгерлерінен сұрап қызды іздеуге кірісті, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Айшолпан үйден шыққан кезде  қызғылт түсті капюшонды спорттық костюм мен қара түсті шалбар және қара түсті крассовка киген.

Бойы шамамен 1,65-166 сантиметр, орташа денелі, шашы ұзын қара түсті иығына дейін сарғыш жолақтары бар, көзі қоңыр. Ерекше белгісі қолында күйік белгілері бар.

Із-түзсіз жоғалған қызды іздеуге Ақмола облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен ерікті азаматтар да жұмылдырылған.

Полиция хабар-ошарсыз кеткен қыздың қайда екенін болмаса қандай да бір ақпарат білген адамдар болса 102 арнайы желісіне хабарласуды өтінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img