spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
9.1 C
Kokshetau

Ақмолада сотталушылар 100 мыңнан астам қорғаныс маскаларын тігіп шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 түзеу мекемесіндегі сотталушылар 100 мыңнан астам қорғаныс маскаларын тігіп шығарды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше облыстың түзету мекемелерінде сотталушылардың белгілі бір  жұмыс  істеп,  еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берілген. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік нысандарында сотталушылардың 45 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған.

Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4  мекемесінде сотталушыларды еңбекпен барынша қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы билікпен, кәсіпкерлік палатасымен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Бизнес өкілдерінің қатысуымен түзеу мекемесінің өндірістік аймағында өткізілген кездесулердің нәтижесінде мекеме базасында жеке кәсіпкер Әділ Досхожиннің  тігін өндірісі іске қосылды.  Қазір онда тәулігіне 5000 данаға дейін қорғаныс маскалары да тігілуде. Кәсіпкер 50 сотталушыны жұмыспен қамтыды, – дейді  ЕЦ166/4 мекемесінің сотталушылардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қымбат Баламбаева.

Кәсіпкерлер де түзету мекемесінде өз кәсібін ұйымдастыруға  жағдай жасалғанын жеткізді.

Маған түзету мекемесінде жұмыс жүргізген ұнайды. Мұнда барлығы қатал, жұмысшылардың тәртібіне және мүліктердің сақталуына аса мән беріледі.  Мен тапсырыстарды алғанда жұмысшылардың мені  ұятқа қалдырмайтынына  сенімді боламын. Өйткені мұнда жұмысқа шықпай қалу сияқты мәселелер туындамайды. Барлық жігіттер табыс тапқысы келеді, – дейді кәсіпкер Әділ Досхожин.

Кәсіпкер түзету мекемесінде бірнеше жылдан бері тігін өндірісімен айналысып келеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img