spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
22.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімін қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бергі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы Жеңіс Қасымбектің есебін тыңдады.

Мемлекет басшысына қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық және Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берілді. Президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы да айтылды.

Жеңіс Қасымбек медициналық инфрақұрылымдар мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары туралы айтып берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және басқа да аймақты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика