spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
14.7 C
Kokshetau

Ақмола ауыл шаруашылығы өнімі жөнінен алға шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнім көлемі жөнінен елімізде көш бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінде өткен жиын барысында мәлім болды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың айтуынша өңірде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі еселене түскен.

«Нақты көлем индексінің жоғары көрсеткіші өсімдік шаруашылығы, ірі қара мал, жылқы мен құс санының өсуіне байланысты болды. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Есіл, Сандықтау, Бұланды, Астрахан және Қорғалжын аудандарында алдыңғы қатардан көрінді. Жалпы облыста ірі қара мал басы 3,8 пайызға, қой-ешкі 1,8 пайызға, жылқы басы 4,3 пайызға, ет өндірісі 6,4 пайызға, сүт 1,6 пайызға өсті», – дейді Қанат Дүзелбаев.

Жиын барысында қазіргі уақытта егін орағын шашау шығармай жинап алудың өзектілігі аталып өтілді. Соңғы мәліметтер бойынша облыста егін алқаптарының 3,9 миллион гектары яғни 89 пайызы орылған. Орташа есеппен гектарына 10,9 центнерден айналып, 4,3 миллион тоннадан астам астық жиналған.

Ермек Маржықпаев мал басын өсіруге баса мән беріп, қалған аудандарда мал санын көбейту қажеттігін алға тартты.

«Азық-түлік белдеуі шеңберінде жобаларды іске қосу бойынша жұмыстарды белсендендіру және күзгі орақ науқанын уақытында аяқтау қажет» – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика