spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-15.8 C
Kokshetau

Ресейде жерленген Ақмолалық сарбаздың денесі елге жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ұлы Отан соғысының қатысушысы Нұғыманов Азыкенге әскери құрмет көрсетуге арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өткізілді.  Қазақ жауынгерінің  денесі өз Отанына жерленеді, – деп хабарлайды  «Aqmola News».

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясы Тверь облысы Бельский ауданының «Подвиг «ғылыми-тарихи әскери-патриоттық орталығы» қоғамдық ұйымының іздестіру қызметкерлері қазақ жауынгерінің медальоны бар сүйектерді тапты.
Ол 1942 жылы 19 сәуірде Ақмола облысы Қазақ КСР Еңбекшілдер АӘК шақырылған 1897 жылы туған Ақмола облысының тумасы солдат Азыкен Нұғыманов болып шықты.
Ақмола облысының әкімдігі «Атамның аманаты» ҚБ-мен бірлесіп солдаттың сүйегін Отанға әкелу бойынша жұмыс жүргізді.
Осыған орай, Көкшетау қаласының Даңқ мемориалында Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаевтың, Ресей Федерациясының Елшілігі, «Атамнаның аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысушы Азыкен Нұғымановқа әскери құрмет көрсетуіне арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті.

Кейін сарбаздың сүйегі оның туған жері – Біржан сал ауданына жерленеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img