spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
14.7 C
Kokshetau

Көкшетауда жалған құжаттар жасап шығарып келген цех анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда әр түрлі құжаттарды қолдан жасап келген жасырын цех анықталды. Қырық бір жастағы ер адам кез-келген құжаттарды өз бетінше жасап сатып келген, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

41 жастағы ер адам орта арнаулы және жоғары білім дипломдарын, жеке куәліктер мен төлқұжаттарды, Ресей Федерациясының автокөліктеріне техникалық төлқұжаттар мен техникалық байқау құжаттарын, сондай-ақ автокөлік жүргізу куәлігінен айырылғандарға жүргізуші куәліктерін жасаған. Цехті тінту барысында ноутбук, жалған мөрлер, принтерлер мен ламинаторлар, ұялы телефондар мен флеш карталар сияқты құралдары табылып, тәркілеуге алынды, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 385 бабының 2 тармағы  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған азамат 2004 жылы дәл осы бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Полиция департаметінің мәліметінше жыл басынан бері тәртіп сақышалыр жоғарыдағы қылмыстық кодекстің 385 бабымен жүзден астам қылмыстық іс қозғаған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика