spot_img
Дүйсенбі, Шілде 21, 2025
18.8 C
Kokshetau

Көкшетау-Атбасар автожолында «Acrosoil» технологиясы сынақтан өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау-Атбасар» жолында «Acrosoil» тұрақтандырғыш қоспасы сыналды.
Жаңа технологияны енгізу шараларын «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «UneedUs» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруда. «UneedUs» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, «Acrosoil» тұрақтандырғышы, тіпті жолдың саз балшықты жер төсемі мен негізгі қабаттарын нығайтуға мүмкіндік береді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жер жамылғысындағы немесе жол табанындағы топырақ қопарылып, 1-3% цемент және топырақтың түріне байланысты белгілі бір мөлшерде «Acrosoil» қоспасы қосылады да, рейсаклер арқылы араластырылады. Дайын қоспа жұдырықшалы катокпен төселіп, автогрейдердің көмегімен кескінделеді. Осыдан кейін жол жабыны тегіс білікті немесе пневмодоңғалақты катокпен тегістеледі. Дәстүрлі әдіс бойынша топырақты нығайту үшін 6-7% цемент қажет болса, «Acrosoil» тұрақтандырғышы арқылы ол тек 1-3% мөлшерде ғана жұмсалады. Осылайша аталмыш технология жұмсалатын материалдың көлемін азайтып, жол жамылғысы құрылымының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді – дейді мамандар.

Тәжірибелік учаскеде мониторинг жүргізіліп, техникалық бақылаудың нәтижелері дайын болған соң «Acrosoil» технологиясын өндіріске енгізу жөніндегі шешім қабылданбақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпкерлер Палатасы «Jańa Dala / Green Day – 2025» халықаралық агро көрмесіне қатысты

Ақмола облысы Целиноград ауданында"Jańa Dala / Green Day-2025"халықаралық агро көрмесі өткізілді. Бұл көрме еліміздің мамандандырылған ірі аграрлық шараларының бірі....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика