spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
13.2 C
Kokshetau

Биыл күзде Қазақстанда 17 мыңнан астам Қазақстандық әскерге шақырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл күзде 17 мыңнан астам қазақстандықты әскерге шақыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды  «Aqmola News» . Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

«Азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге шақыру және белгіленген мерзімде запасқа шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады», – деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Жүсіпов пандемияға байланысты әскерге шақыру және жиын пунктерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілгенін атап өтті.

Әскерге шақырудың күзгі науқаны бірінші қыркүйектен бастап желтоқсан айының соңына дейін жүргізілмек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика