spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Шағалалы өзенінде салынып жатқан көпір құрылысы қарашада аяқталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған көпір құрылысы қараша айында аяқталады. Өзен үстінен салынып жатқан көпір Заречное, Садовое ауылдарына қарайды,-деп хабарлайды,- «Aqmola News».

«Buka» мердігер компаниясы  қолға алған құрылыс жұмыстары  қызу жүріп жатыр. Директордың орынбасары Рүстем Туржановтың айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасымен құрылыс мерзімінен бұрын аяқталуға тиіс.

«Құрылыс жобасына 368 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржының 30 пайызы облыстық бюджеттен бөлінді. Бүгінде 45 адам жұмыспен қамтылып, осы көпір салу жұмыстарымен айналысып жатыр»,-дейді  Рустем Туржанов.

 

Көпірдің ұзындығы 71 метр 220 см, ал ені үшінші санаттағы жолдарға сәйкес келіп ұзындығы  6 метрді құрайды.

Жақын күндері көпір пайда болатынына әсіресе, Заречное және Березняковка ауылының тұрғындары қуануда. Себебі тұрғындардың басым көпшілігі облыс орталығында жұмыс істейді. Көпірді пайдалануға берсе, жолдың 90 шақырымы қысқармақ. Әрине, бұл, дегеніміз уақыт ұтудың ең тиімді жолы!

«Біз бұл көпірді 24 жыл бойы күттік. Әсіресе балаларды ауруханаға апарарда қиналамыз. Жол ұзақ, соған орай жеке таксидің де ақшасы қымбат. Енді көпір бітсе, автобус та қатынайтын болады. Біз өте қуаныштымыз»,-дейді ауыл тұрғындары.

Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса бұл көпірдің Заречное және Садовое ауылдарының экономикалық-әлеуметтік дамуына септігін тигізетініне сенімді.

Бұған дейін көп жылдар бойы бұл жобада ілгерілеу болмады. Оған қаражаттың жеткіліксіздігі себеп болды. Енді «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 45 миллиард теңге бөлініп, тоқтап тұрған көпір құрылыс жанданды.

Алдағы уақытта Заречное ауылына су құбырларын тарту жоспарлануда.

.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img