spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Алматыда балалар мұз құрсауына түсіп қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласы Алатау ауданында жоғалып кеткен балалар өлі күйінде табылды. Балалар мұз жарылып кетіп, суға тұншығып қайтыс болған. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ата-анасына көңіл айтты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұған дейін 2006 жылы туылған балалар Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев сабаққа кетіп қайтып оралмағаны себепті іздестіріліп жатқан болатын.

lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram-аккаунтында хабарланғандай, 12 ақпанда түскі 13-00 шамасында №184 мектептің оқушылары сабаққа кетіп, сол күйі оралмаған.

Қала басшысы құтқарушылар Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіру жұмысы аяқталғанын мәлімдеді.

«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен төтенше жағдай қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым», – деп жазды Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қаза болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетілетінін атап өтті.

Тергеу барысы әкімнің жеке бақылауына алынды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алғашқы Жарлығым ауылды дамытуға арналды

«Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика