spot_img
Жексенбі, Маусым 21, 2026
29.9 C
Kokshetau

Мәдениет үйінің директоры бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында аудандық мәдениет үйінің директоры жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Есіл ауданының мәдениет үйі» МКҚК директоры А. Әбдіғапароваға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол 888 мың теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, – деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Мәліметтерге сәйкес, басшылық тарапы мәдениет үйінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аударуды желеу етіп, қаржы жымқырған.

2020 жылдың 12 ақпанында Есіл аудандық сотының үкімімен А. Әбдіғапарова кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түрмеде өтейді. Сонымен бірге, әйел мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика