Атбасар қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ешқандай делдалсыз сатылатын сауда орны ашылды. «MAGNIT» шағын маркеті ішінде іске қосылған өнім жергілікті өндіріс орындарының дамуына жол ашпақ, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Атбасар ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры Роза Мырзабекқызының айтуынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ауданның бетке ұстар кәсіпорындары өз өнімдерін дүкен сөресіне делдалсыз қоюға мүмкіндік алған.
«Бастау» ЖШС (етті өнімдері), «Шортанбай 2019» ЖШС (күнбағыс майы), «Лана» АҚБ (макарон өнімдері), «Атбасар ұны» брендін қалыптастырған кәсіпкерлердің өнімдерімен қатар, енді ғана «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы бойынша оқу оқып, «Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау қоры» АҚ несие алған «бастаулықтардың» қымыз, сүт, ірімшік, қаймақ, сары май, жұмыртқа, бал мен тәтті тоқаштар, көкөніс өнімдері сауда орнына жайғасты«, – дейді Роза Мырзабекқызы.
Сату орнында қойылған өнімдер алып-сатарлықсыз, тікелей өндірушілердің ұсынған бағасымен саудаланады.