spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
7.8 C
Kokshetau

Зеренді ауданының Викторовка ауылында егін орағы мен жөндеу жұмыстары қарқын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса жұмыс сапарымен Викторовка  ауылдық округында болып «Виктороское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егін орағын жүргізу барысы мен жол және су құбырларының жөндеу жұмыстарына назар аударды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Серіктестік биыл 17 мың гектар алқапқа егін сепкен.

Қазіргі уақытқа дейін диқандар егістіктің 25 пайыздан астамын жинап үлгерген.

Аудан әкімі селодағы су құбыры мен ауыл ішіндегі жолдарға жасалған жөндеу жұмыстарын да  аралап өтті.

Бүгінге дейін Викторовка селолық округында 12 100 метр құбыр төселіп, жекеменшік үйлердің 40 пайызы орталықтандырылған су құбырына қосылды.  Іссапар соңында ауылдық округ әкімі мен мердігер ұйымдарға тиісті тапсырмалар бердім, – дейді  Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса.

Аудан әкімі ауылдық округ басшылығына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалығының басшыларына егін орағын уақытында аяқтау және халықтың қажеттілігі үшін егіс далаларында сабан қалдыруды тапсырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img