spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Президент Жолдауында қашықтықтан оқыту кезінде сапалы білім берудің қажеттілігі айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдаудағы ең басты мәселе қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған міндет әлеуметтік – экономикалық тұрақтылық пен халықтың табысын сақтап қалу болды.
Президентіміздің жолдауы алдымыздағы ауқымды әрі күрделі міндеттерді қамтыды.
Мемлекет басшысы «Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек» деп өте дұрыс айтты.

Қасым-Жомарт Токаев жолдауда әсіресе, білім саласына ерекше көңіл бөлді. Қашықтан оқу кезінде сапалы білім берілуі қажеттілігіне баса назар аударды. Әр қазақстандық өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білуі, сонымен қатар заманға лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жахандык көзкарасы бар тұлға болып қалыптасуы ұстаз еңбегіне байланысты екендігін баса айтты.

Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мекемелерiмiзде жаңартылған мазмұндағы оқулықтар пайдалануда, үш тiл меңгерiлуде. Бұл елiмiздiң дамуына, жарқын болашағына жасалып жатқан жаңа мүмкiндiктер деп бiлемiз. Өткен жылдарда латын әлiпбиiне көшу мәселесi басталып кеттi. Халқымыз бiр ауыздан қолдап, қазiргi жастарға латын әлiпбиiндегi қазақ тiлiн қиындықсыз меңгерiп алатынына сенiм бiлдiрдi.

«Өзiнiң тарихын, тiлiн, мәдениетiн бiлетiн, сондай-ақ, заманына лайық, шет тiлдерiн меңгерген, озық әрi жаһандық көзқарасы бар қазақстандық бiздiң қоғамымыздың идеалына айналуға тиiс» деп Президент айтып өттi.

Бұл қазiргi ақпараттық-технологиялар заманында, жас ұрпақ жан жақты болу үшiн жасалған нақты қадамдардың көрінісі деп білеміз. Жаңа бағыттың қозғаушы күшi ретiнде өз үлесiмiздi қоса отырып, әлемдiк деңгейдегi білім бәсекесі көшіне ілесе алатындай қарқынмен еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым халыққа күш-қуат, жiгер, қайрат, Отанымызға деген сүйiспеншiлiктi арттыруға итермелейдi. Оның халыққа деген артқан сенiмiн ақтауға барынша тырысу қажет.

Руслан Әбдікенов,

Біржан сал ауданы білім бөлімінің басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img