Ақмола облысында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынған. Жыл басынан бері ғана 175 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тауар өндірушілерімен 1 мыңнан астам меморандумдар жасалған, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Елдегі күрделі жағдайда азық-түлік өнімдеріне баға да біршама ұлғайғаны байқалған. Тек жыл басынан бері ғана облыста ұн және 1 сұрыпты нан өнімдері, күріш, қарақұмық жармасы, түтік кеспе, сиыр еті, тауық еті, сүт және 2,5% айран және ірімшік 5-9% қымбаттаса, тауық жұмыртқасы, сары май және күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, қант және тұз 4,7%-ға көтерілген.
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, қала және аудан әкімдерімен бірге сауда орындарына күнделікті баға мониторингін жүргізеді. Тек жыл басынан бері ғана тауар өндірушілерімен 1087 меморандум жасалып, 175 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – дейді басқарма басшысы Ербол Оспанов.
Ал «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық тұрақтандыру қорынан (күріш, қарақұмық жармасы, қант, 1 сұрыпты ұн, сарымай және күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын саудалау арқылы бағаны біршама төмендеуіне жол ашқан. Тек жыл басынан бері сатылған жергілікті азық-түлік тауарларынан 63,3 миллиард теңгеге құраған.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, ет және шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар, өсімдік майы, құс еті, астық ұны, макарон өнімдері және тағы да басқа ларының өндірісі ұлғайған.
Облыста жыл сайын 300 тонна сүт, 77 тонна сиыр еті, 123 тонна құс еті, 2,2 миллион дана жұмыртқа, 1000 тоннаға жуық ұн өндіріледі. 100 тоннаға дейін картоп, сәбіз, пияз сияқты өнімдер жеткізіледі, – деп толықтырды Ербол Оспанов.
Жалпы, тауар үздіксіз сатылып, өңірде дүрбелең туғызатын сұраныс байқалмаған.