spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 2400 басқа дейін доңыз өсіретін екі кешен салынбақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жылына 5,5 мың тонна шошқа етін өндіретін кешен құрылысы салынбақ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың төрағалығымен өткен жиын барысында мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев та қатысты.  Облыстың ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілері  қатысқан жиында  іргелі инвестициялық жобалар   жасау  мәселесі көтерілді.

Мәселен, «Еңбек» және «Камышенка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары шошқа өсіру кешендерін салуға ниет білдірді.  «Еңбек » ЖШС-і Ақкөл ауданында ал «Камышенка» серіктестігі Астрахан ауданында «AIC Bavaria product» базасында әрқайсысы 1200 бастан шошқа өсіру кешенінің құрылысын салуды жоспарлаған.   Жоба толық қуатында жұмыс істесе,  кәсіпорындар жылына 5,5 мың тоннаға дейін шошқа етін өндірмек.

Жиын барысында аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыға түсті.  Несиелеудің қолданыстағы шарттары ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы емес. Төлеуге аса қысқа мерзім беріледі. Шаруаны дөңгелетіп кету үшін шаруаларға несиелеу мерзімін 12 жылға  дейін , ал жеңілдікті кезеңді кемінде 3 жылға дейін ұлғайтқан жөн, – дейді «Камышенка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дүйсембай Ілдебаев.

Жалпы облыстың  аграрлық  өнеркәсіптік  салада биылдың өзінде  жалпы құны 47 миллиард теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img