spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
30.8 C
Kokshetau

Кезекші сыныптардағы балалардың денсаулығы қалай тексеріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сыныптардағы балалардың денсаулығы қалай қадағаланатынын және санитарлық нормалардың қалай сақталатынын айтып берді, деп хабарлайды Aqmola News  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Балалар да коронавируспен ауырады. Олар да ересектермен бірге жүріп, ауру жұқтырады. Балалардың 80 пайызы  коронавирусты жеңіл формада өткізеді. Бірақ, ауру кеңінен таралса, 3-4 аптадан кейін балаларда Кавасаки синдромы түрінде асқыну байқалады. Бұл жағдай АҚШ-та, Ұлыбританияда, Испанияда, Италияда, ауру кең тараған мекендерде кездесті», – деді Ажар Ғиният тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мектептерде барлық санитарлық нормалар сақталады және балалардың жай-күйі бақылауға алынады. «Егер балалардың қызуы көтеріліп немесе ЖРВИ белгілері байқалса, олар мектептен шеттетіледі. Біз сырқаттану көрсеткіштерін және науқастардың медициналық ұйымдарға түсуін қадағалаймыз.

Сырқаттану деңгейі көтерілсе, бұл білім ұйымдары карантинге жабылады. Ал мектептің карантинге жабылуын санитар дәрігерлер шешеді», – деді А. Ғиният.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика