spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында, ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «АБАЙДЫҢ СӨЗІ – ЖҮРЕКТІҢ ҮНІ» атты әуесқой және кәсіби жазба ақындар арасында облыстық онлайн мүшәйра жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы қоғамдық бірлестік төрағасы Бақыт Смағұл мәлім етті.

Ақындар мүшәйрасы екі кезеңде өтпек.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысуға тілек білдірген әуесқой және кәсіби ақындар ішінен (әрқайсысынан) 6 үміткерден таңдалып, қорытынды кезеңге жолдама беріледі.  Мүшәйра қатысушыларының жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Онлайн мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған тақырыпқа сай өлеңдер ғана қабылданады, ұсынылған туындылардың көркемдік деңгейіне баса назар аударылады.  Байқау материалдары тамыздың 15-25 аралығында қабылданбақ. Қорытынды кезеңде жеңімпаздарды анықтау 30 тамыз – 5 қыркүйек аралығында әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.  Мүшәйраның І, ІІ, ІІІ орын иегерлері ең көп дауыс жинаған қатысушылардың арасынан қазылар алқасының шешімімен анықталады, – деді Бақыт Смағұл.

– Байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.   Сайыстың қорытындысы 2020 жылғы қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде жарияланатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика