spot_img
Сейсенбі, Қазан 27, 2026
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында дәстүрлі әншілердің «Ән аманаты»жобасы бастау алды

Сондай-ақ...оқыңыз

.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филормониясының қызметкерлері «Ән аманаты» атты онлайн жобаны қолға алды. Жоба аясында жергілікті ақын, сазгерлердің 20-ға жуық өнер туындылары арнайы таспаға жазылып, әлеуметтік желілерге жарияланды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ән аманаты жобасының жетекшісі белгілі дәстүрлі әнші – Сәрсенбай Хасенов.   Жоба шартына сәйкес қатысушы ақын, сазгерлердің өмірбаяндарына жеке тоқталып, әндерінің шығу тарихы жайында мол ақпар беріп, бір туындысын орындайды.

Әр видеоның ұзындығы 10 минуттан. Себебі, одан көп болса оқырмандарды жалықтырып алуымыз мүмкін.  Сол уақыттың ішінде ән де орындалады, тарихы да қамтылады. Сосын бұл жерде тек Біржан сал, Ақан серілер ғана емес, бүгінгі Иран сал Тасқара, Құдайберлі Мырзабек, Бүркіт Бекмағанбетов, Тыныштық Шаменовтардың туындылары да бар. Қазіргі жастар әлеуметтік желілерде көп отырады ғой. Сосын осы жобаны жастардың талғамына сай қысқа, қызықты қылып жасап жатырмыз,-дейді дәстүрлә әнші  Сәрсенбай Хасенов

Қатысушы өз жұмысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялайды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ұлттық өнер – ел рухының айнасы

Республика күні – ел тарихына тағзым етіп, тәуелсіздіктің қадірін терең сезінетін, болашаққа деген сенімімізді нығайтатын айтулы мереке. Бұл күн...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика