spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ақмолада із-түзсіз жоғалған баланы иісшіл ит тауып берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында қызметтік ит ұшты-күйлі жоғалған алты жасар баланы тауып берді, – деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 тамыз күні Қорғалжын селосында орын алған.

Шамамен кешкі бестер шамасында Қорғалжын аудандық полиция бөліміне Нұрислам Ысқақовтың жоғалып кеткені туралы телефон хабарламасы түскен.
Баланың анасы Жұмабикенің айтуынша, ұлы әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан. Арада бір сағат өткенде сыртқа шыққан әйел баласын ауладан таба алмай қалады. Есі шығып жанұшырған ана басқа аулаларды қарап, көрші-қолаңдарынан сұраса да алты жасар Нұрисламды таба алмаған. Іздеуден нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінуге мәжбүр болыпты, – дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.
Баланың ізім-қайым жоғалғаны туралы хабар түскен соң дереу жедел топ оқиға орнына жетеді. Аумақтық бөлім басшысы полиция полковнигі Еркін Мәмбетовның нұсқауымен мобильді іздеу тобы құрылған. Оның құрамында Дюна есімді қызметтік иті бар кинолог Әсет Ғаббасов та болған. Полиция қызметкерлері қатты алаңдаған ананы тыныштандырып, оның ерекше белгілерін сұрайды.
Баланың киімдерін иіскелеген ит көрші көшеге қарай жүгіре жөнелді. Иісшіл ит бірнеше минут ішінде тәртіп сақшыларына жоғалған баланы тауып берді. Полицейлер баланы аман-сау анасына апарып береді. Бірден жоғалып кеткне ұлын тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Ол полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне жоғары бағалады – деді облыстық полицияның баспасөз қызметінен.
Ақмола облыстық полиция департаменті балаларға аса сақ болып, жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img