spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасымен автожолдар қалыпқа келтірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ұзақ мерзімді карантинге қарамастан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, өңірдің  инфрақұрылымын дамыту мақсатында  жолдар жөнделіп, жол құрылысы саласы айтарлықтай дамып келеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақтағы автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жүріп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Биыл да ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мен Ақмола облысының әкімдігі бірлесіп, біраз шаруалардың басын қайырды,-деді «Қазавтожол» ҰҚ АОФ дирекоры Серік Керімқұлов.

Спикердің айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласын өзге қалалармен байланыстыру үшін іске асырылған жобалар өз жемісін беріп келеді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан мен Қарағанды облысының арасын жалғайтын жалпы ұзындығы 76 шақырым болатын жолға цемент бетон жабындысы төселген.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы арасындағы ұзындығы 184 шақырым болатын автожолы мен Петропавл бағытындағы республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жүргізілген.

        «Щучинск-Зеренді» бағытындағы жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын автожолдың ағымдағы жаңғырту жұмысы аяқталды. Бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 6,5 шақырым болатын Көкшетауға  кірме жол да да жөнделді,-деді Серік Сейітжанұлы.

«Орталық-Батыс» бағытында да Нұр-Сұлтан-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» автожолдарында жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба іске асқан жағдайда Нұр-Сұлтанды батыс аймақпен жалғаудың тиімді әдісі қалыптастырылмақ.

Жалпы, жоспарға сәйкес 2020 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 27,4 млрд теңге қарастырылған,-деді спикер өз кезегінде.

Биыл барлығы 124 шақырым жолды жөндеп, пайдалануға беру жоспарланған. Спикердің айуынша, мақсат бірте,бірте орындалып келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img