spot_img
Сенбі, Қараша 7, 2026
0.7 C
Kokshetau

Ақмолада Үкілі Ыбырайдың 160 жылдығына орай қашықтан ән байқауы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада Үкілі Ыбырайдың 160 жылдығына орай  «Арқа әуендері» атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы ұйымдастырылмақ, – деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық халық шығармашылық орталығына сілтеме жасап. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Арқа төсін әнге бөлеген   әншінің мерейтойына арналған байқауды  Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы бірлесіп ұйымдастырмақ.

Аймақтық өнер додасына  Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 20 мен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатыса алады.
Үздік орындаушылардың өнері байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілері парақшаларында жарияланатын болады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Дәстүрлі әншілер Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Құтпанұлының әндерін орындап бақтарын сынайды.

Өтінімдер осы жылдың 31 тамызына дейін қабылданбақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабайда халықаралық деңгейдегі конгресс-орталық салынады

Бурабайда халықаралық форумдар, көрмелер мен ірі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жаңа нысан бір мезетте мыңға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика