Есіл ауданында халықты жұмылдырып қаражат жинаған ерікті азаматтар «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешілері – Айнагуль Мусина, Айгуль Накова мен Ираида Машинист адам өмірі үшін күн сайын арпалысып жатқан аурухана мен дәрігерлерге көмек көрсетуге шақырған үндеуге үлес қосқандарға алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Қиын шақта адамзат өміріне қауіп төндірген індетке бей-жай қарамаған балабақша тәрбиешілері арқасында Есіл ауданынының тұрғындары 575 мың теңге қаражат жинаған.
Қаржы жинау туралы үндеуге алғаш болып Қуанышпаевтар отбасы, «ЕсильМАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ойрат Ахметов, «Балдәурен» яслли-бақшасының ұжымы, «Мұқанов» шаруа қожалығы, сонымен қатар Курское ауылының тұрғындары, Масшанов және Макиленов жанұялары үлестерін қосты.
Жиналған қаражаттың 515 мың сомасына 11 пульсоксиметр, 6 контактісіз термометрлер, 3 су диспенсері, 3 стақан ұстағыш, 10 тонометр, 120 литр су, 1 мың қорғаныс маскалары сатып алынды. Қалған қаражатқа коронавирус және пневмониямен ауырған науқастарға 100 метр шамасында төсек жаймаларын тігуге арналған материал алдық. Барлық жерлестерімізге қиын жағдайда қолдау білдіріп, қаржы жинағандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз тек бірге болған жағдайда кез-келген қиындықты жеңеміз, – дейді ерікті лердің бірі Айнагүл Мусина.