spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Енді көшеде маска кию – қажеттілік. Бес жасқа дейінгі балалар мен  әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып спортпен айналысып жатқан бірақ бес адамнан аспайтын адамдардан басқа адамдарға міндеттеледі. Бұл ережелер қоғамдық көліктерде: автобус, поезд немесе таксиде де әрекет етеді. Жеке көлікте маска тағу ұсынылады.

Жаңа қаулы балабақшалардың кезекші топтарының жұмысына рұқсат береді.  Медициналық орталықтарға алдын ала жазылу бойынша және қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.

Жағалау, қонақ үй, санаториялар мен панционаттар, демалыс үйлері туристік нысандар жұмысына жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған мобильді топтар тексергеннен кейін әзірлік оң актісі болған жағдайда рұқсат етіледі.  Дегенмен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы міндетті .

Қоғамдық тамақтану нысандары бір мезгілде 30 адамдан аспайтын адам болған жағдайда жұмыс істей алады. Егер отыратын орын саны аз болса, онда келушілердің арасындағы арақашықтықты бір метрден кем емес ал үстелдердің арасын кемінде екі метрден кем емес болатындай қашықтықты сақтай отырып, елу пайыздан аспайтындай жағдайда жұмыс істеуге болады. Жұмыс режимі сағат 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін.

Қоғамдық көліктердің жұмыс режимі 21:00-ге дейін қысқартылған. Дегенмен тасымалдаушылардан желіде барынша көліктердің шығуы, қозғалыстың біркелкі кестесі мен қоғамдық көліктің отыратын орын саны бойынша толтырылуы талап етіледі .

Такси тасымалы екі жолаушыдан аспайтын етіп шектеледі.

Бурабай және Зеренді курорттық орындарына растау құжаттарын көрсеткен жағдайда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  ем алушылар, сонымен қатар «Vizit Aqmola» электронды базасында  тіркелген және туристік нысандарда нөмірлерді брондаған адамдар ғана кіре алады.

Туристік нысандарда жағажайларды алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін баруға болады. Бұл рұқсат мониторинг барысында санитарлық-карантин шараларының бұзылғаны анықталған жағдайда кері алынуы мүмкін..

Өңір елдімекендеріне  сағат 22:00-ден кейін қозғалысқа тыйым салынуы қала береді. Тек жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттан құтақру және апаттық-техникалық қызмет қызметкерлеріне сонымен қатар стратегиялық нысандар да өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмысшыларға ғана рұқсат етіледі.

Қоғамдық жағажай жұмысы да тыйым салынған күйі қалады 

Жағалау аймағындағы (жүзу құралдарын жалдау, азық-түлік, балмұздақ, сусындар,  қақтама,  донер, шауырма және басқа да фастфуд тағамдары түрлері мен басқа да тауарлар, тосынсыйлар сататын сауда бекеттері мен караоке және басқа да нысандар) кемінде 500 метр су күзеті радиусындағы сауда-ойын-сауық нысандарының қызметі тоқтатылған.

Көңіл көтеру нысандарының жұмысына тыйым салуды сақтай отырып парктер, гүлзарлар және басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат етіледі.

Отбасылық, (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) сияқты оның ішінде үйде адамдар көп жиналатын шараларды өткізуге, көршілерді, таныстарды, туыстарды әріптестерді шақыруға  тыйым салу сақталады. 

Жерлеу рәсімдерінде отбасының 30 адамнан аспайтын адамы кемінде екі метр арақашықтықты сақтап қана қатыса алады.

Барлық азаматтарға респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу учаскелік дәрігерді шақырту жолымен медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Дене қызуы 38°С асып кетсе бірден жежел жәрдем шақырту қажет.

Мобильдік топтар санитарлық қызмет мамандарының қатысуымен қаулының талаптары мен меншік түріне қарамастан барлық нысандар мен субъектілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен мониторинг жұмыстары жалғастырылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img