Біржан сал ауданында ұзақ уақыт бойы қуаңшылық болғанына қарамастан ауданның жем-шөп дайындаушы бригадалары қажетті мал азығын тоқсан пайыздан астамын жинап үлгерді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Біржан сал ауданы ірі және ұсақ мал саны жөнінен облыста көш бастап тұр.
Биыл, қалыптасқан жағдайға байланысты тіпті аласа шөп те шауып алынды. Биылғы қысқа 73,9 мың тонна шөп әзірлеу жоспарланған., Қазіргі уақытта жүзден астам бригада шөп шабатын шабындықтарда жұмысқа жұмылдырылған. Әсіресе «Сапфир LTD», «KazBeefLTD», «Бурабай Астық» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты ірі мал өсіруші фирмалар жем-шөп науқанына қызу қарқынмен кіріскен. Асма маңызды міндеттердің бірі ұсақ шаруа қожалықтарына малға қажетті дәруменді жем-шөпті әзірлеу болып отыр. Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды демекші, жауын-шашынға тигізбей шөпті жинап алу үшін әрбір шаруа уақытты тииімді пайдалануда, – дейді Біржан сал ауданы әкімдігінен.
Біржан сал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жедел мәліметіне сәйкес бүгінге дейін 69,7 мың тонна шөп, белгіленген меженің 94 пайызы орындалған. Шөп әзірлеушілерге шөпті орамдайтын заманауи техника жұмыс қарқынын еселеуге әрі бірнеше жыл бойы шөптің құнарын кетірмей сақтауға мүмкіндік берген.