spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
11.6 C
Kokshetau

Зеренді: Приречное селосында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен су құбыры жөнделді

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының Приречное селосында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде  ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News»

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тозығы жеткен су құбырлары жаңасына ауыстырылған.

Ауыз су мәселесін шешу мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бөлінген қаражатпен ауылдың үш учаскесінде жаңадан диаметрі 63 мм 1080 метр және диаметрі 110 мм 70 метр полиэтилен су құбырлары төселді. Сондай-ақ, жаңа ұңғыма басында  санитарлық аймаққа 30 метрлік металлдан жасалған қоршау орнатылды. Ал ескі су ұңғымасының 162 метр металл қоршауына жөнжеу жасалып, тағы 81 метр жаңа қоршау орнатылды. Су айдайтын мұнара қондырғысына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа су ұңғымасындағы су құбырына өрт гидранты орнатылды. Екі бірдей батпалы сорғылар ауыстырылды, – дейді Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жөндеу жұмыстары кезінде сонымен қатар су құбыры бойындағы 17 құдықтың бетон  дөңгелектері мен  қақпақтары ауыстырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img