spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада екі бірдей жасөспірім суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқиға кеше Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жердегі Есіл өзенінде орын алған. Екі жасөспірім қыз бала Есіл өзеніне суға шомылуға арналмаған су қоймасына түсіп батып кетті  – деп хабарлайды»Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қайғылы жағдай қыздардың бірінің әкесінің көз алдында болған. Туысқандар Есіл өзенінде суға шомылып жатқан. Бір сәтте қатты толқын өзенде суға шомылып жатқан екі қызды тарта жөнелген. Ер адам толқынмен ағып бара жатқан қыздарды құтқаруға тырысып, тұра ұмтылады. Алайда, 2005 және 2008 жылы туған қыздарды судан алып шығу мүмкін болмады. Құтқарушылар қайтыс болған балалардың отбасына, қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Құтқаруға үлгермеген ер адамға суға батқан қыздардың бірі туған қызы болса, енді бірі жиені болған, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиғаның орын алуына байланысты облыстың бас құтқарушысы Алексей Советов ақмолалықтарға үндеу тастады.

– «Осы ыстық күндері елімізде карантин болғанына қарамастан облыстың су қоймаларында қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Тек суға түсу маусымы басталғалы бері ғана өңірде 14 адам суға батты. Олардың төртеуі балалар болғаны өкінішті. Су қоймаларында суға түскен кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Ешқашан мас күйде суға шомылуға болмайды және міндетті түрде балаларға аса абай болу керек. Тек арнайы жабдықталған су қоймаларында ғана суға шомылуға болады. Белгіленген межеден асып жүзуге тыйым салынған. Суда ойын ойнаған кезде бір-бірінің қол-аяғынан ұстапуға болмайды. Суда жүзе білмейтін адамдар 1,2 метрден аспайтын тереңдіктегі арнайы жабдықталған суға түсу орындарында ғана шомылғаны жөн. Осы ережелерді қатаң сақтау өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтауға көмектеседі. Суға батып кеткен қыздар да суға жүзе алмағаны белгілі болды, – деді Алексей Советов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img