spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Қазақстанда құрбан шалуға онлайн тапсырыс берілетін болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда үйден шықпай, онлайн түрде құрбандық шалуға болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен  Qurban2020.muftyat.kz  сайты іске қосылады, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше халық ешқайда бармай-ақ құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Құрбандыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыс туралы тапсырыс берген адамға тиісті мәлімет те онлайн түрде жетіп отырмақ.

«Ең алдымен, қазіргі пандемия жағдайында Сізге ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалады. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды», – деп хабарлайды ҚМДБ-ның сайты.

Жоспар бойынша, жаңа сайтта құрбандыққа шалынатын төрт түліктің бағасы қоса көрсетілмек. Қасиетті құрбан айтында құрбан шалмақ болған адам сайттан қаражатыңы жеткен малды таңдап, тапсырыс бере алады.

«Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі», – деп ескертіп отыр мүфтият.

Айта кетейік, биылғы қасиетті Құрбан айт әлем бойынша жүріп жатқан пандемия мен Қазақстандағы қатаң карантин шаралары әлі жүретін 31 шілдеге тұспа-тұс келіп  тұр. Құрбан айт 3 күнге жалғасады, оның алғашқы күні, яғни  31 шілде, жұма күні Қазақстанда демалыс болып саналады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика