spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Егіндікөл: Ауданда жаңадан әмбебап спорт залы салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында   жергілікті бюджет қаражаты есебінен ангар түріндегі іргелі спорт  залы салынуда, – деп хабарлайды «Aqmola News» . 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан әмбебап залда футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис сияқты    ойындар ойналмақ.

Бұл туралы Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков мәлім етті.

«Қазіргі уақытта спорт залының іргетасының негізін қалау аяқталды.  Ішкі жағына қиыршық тас төселіп,  тегістелді.  Ғимараттың қаңқалық  құрылымдарын орнату  бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Спорт залы аудандық мәдениет үйінің блокты-модульды қазандығына қосылатын болады.  Жаңа залда киім ауыстыру,  душ, жаттықтырушылар бөлмелері  жабдықталмақ.  Әмбебап спорт залы көпшілік ойнайтын шағын футбол, волейбол, баскетбол және үлкен теннис сияқты ойындарға ұсынылады, – дейді  Ерлан Исабеков.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика