spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Атбасар ауданында провизорлық стационар науқастарының алды емделіп шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында ашылған провизорлық  стационар бөлімінде ем қабылдағандардың алды сауығып шыға бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра Қуанышқызы

Бұл туралы Атбасар ауданы Маринов провизорлық бөлімінің қызметкерлері мәлім етті.

Елді жайлаған індетпен күресіп таралуының алдын алып жатқан барлық дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге алғысым шексіз. Олардың қажырлы еңбектері мен өз істеріне адалдықтарының арқасында ауру жұқтырған науқастар емделіп шығуда. Күн сайын біздің дәрігерлер әрбір емделушінің өмірі мен денсаулығы үшін күресуде. Дәрігерлердің емі шипа болып, сырқат адамдардың жазылып шыққанына қатты қуанамыз, – дейді емделушілер.

Дәрігерлер үшін қазіргі таңда ең басты көмек гигиеналық талаптарды сақтап, қозғалысты шектеу. Әркім жауапкершілікті сезініп, қарапайым қағидаларды ұстанса карантин аяқталып, эпидемия басылуы тиіс, – дейді дәрігерлер.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика