spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Атбасар ауданында қосымша 100 орындық провизорлық орталық жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа орталыққа жергілікті кәсіпкерлер де барынша қолдау танытқан. Атбасар ауданындағы Мариновка ауылында жаңадан ашылған провизорлық орын бірден науқастарды емдеуге кірісті, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жаңа емдеу нысанын ашуға аудандық аурухананың бас дәрігері ұсыныс жасаған.

Жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері бұл бастаманы бірден құп көріп, провизорлық бөлімді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз еткен. Бөлімге азық-түлік, тоңазытқыштар, ыдыс-аяқтар мен төсек орындар да жергілікті кәсіпкерлермен жеткізіліпті.

Коронавирус инфекциясының аса жылдам таралуының басты себептерінің бірі санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықтың  сақталмауы болып тұр. Қазір алдағы күнді болжау қиын. Аудандық стационарда вирус жұқтырған адамдарға орын жетіспеушілігі қаупі төнді. Осыған байланысты Атбасар аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Шаубаев провизорлық орталық ашу туралы ұсыныс білдірген. Аурудың таралуының алдын алуда бұл үлкен қажеттілік болғандықтан шешім қабылданды. Мариновка селосындағы провизорлық орталық бірден 15 адамды стационарлық емдеуге қабылдады, – дейді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін аудандық ауруханада жұқпалы індетке шалдыққандарды қабылдайтын 50 орындық кереует әзірленген. Инфекциялық стационарлар ретінде балалар және жұқпалы аурулар бөлімдері жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img