spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Шортанды: Стадион, ойын-сауық орталығы, ғимараттар жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексерді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ерлан Қыздарбекұлы «Байсын-А» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдерімен бірлесіп Шортанды кентіндегі стадион мен Ойын-сауық орталығы күрделі жөндеу нысандарын аралады.

Кездесуде аудан орталығының стадионын күрделі жөндеу жобасы талқыланды, ЖШС өкілінің айтуынша, жөндеу жұмыстары алдағы аптада басталады.

Ағымдағы жылы Шортанды ауданының «Ойын-сауық орталығы» КММ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Бүгінде мұнда 15 жұмыс орны ашылды. Маусым айынан бастап орталықтың үй-жайларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ шатырға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 2020 жылы ауданда «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылатын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды акция өтті

Іс-шара құқық қорғау органдары мен белсенді жастарды біріктірді. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, ақмола өңірінің есірткі күресшілері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика