spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
10.1 C
Kokshetau

Көкшетау: Залалсыздандыру жұмыстары таңнан басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі таңда адам көп жиналатын ғимараттардың іші, көше бойы, аялдамалар күн сайын тазартылуда. Санитарлық жұмысқа 350 адам жұмылдырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Халық көп баратын мекемелердегі сақтық шаралары күшейтілді.

Карантин кезінде біздің қызметкерлердің 70 проценті өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті тұрғындар белгілі бір мәселелерге орай шағым айтып келеді. Адам аяғы үзілмейді десе де болғандай.  Сондықтан, ғимараттың ішін үнемі залалсыздандырып тұрамыз, – дейді Көкшетау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жанат Шәріпов.

Санитарлық тазалау жұмыстарына Көкшетау техникалық институтының өкілдері де өз үлестерін қосуда. Оқу ордасынан арнайы топ құрылған. Ол топта институттың оқытушылары мен офицерлері бар. Олар осы екі күннің ішінде 5 ғимаратты дезинфекциялаған.

Дезинфекциялауға жұмылдырылғандардың барлығы қажет жабдықтармен  толық жарақтандырылған. Яғни, қалалық әкімшіліктен 200 дезинфекциялау құрылғысы мен 350 арнайы форма берілген. Сондай-ақ, диахлор сұйықтығы да жеткілікті бөлініпті.

Сондай-ақ, диахлоринмен аялдамалар, жол жиегі, қоқыс жәшігінің маңайы, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындар дезинфекцияланып жатыр. Бұл инфекцияның таралуына тосқауыл болады дейді жұмысшылар.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика