spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Атбасарда тағы 4 адам арақтан уланып қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасарда тағы 4 адам қолдан жасалған адам ағзасына қауіпті ішімдіктен уланып қайтыс болды,-деп хабарлайды «Aqmola News». Бұл туралы Атбасар қаласының әкімдігінің инстаграм парақшасында айтылды.

Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі, өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина облыс тұрғындарын жасанды ішімдіктен сақ болуды ескертеді.

Бүгінде өңірде суррогаттық алкоголь өнімінен келетін қауіп әлі де сақталуда. Сондықтан күдік туғызатын ішімдікке жоламаңыздар,-делінген хабарламада.

Бұған дейін Қостанай облысының Арқалық қаласында 3-4 шілде күндері «этанолдың уытты әсері» диагнозымен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін оның 11-і қайтыс болды. Осы уақытта Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа-Қима кентінде 4 адам көз жұмған еді.

Өлімнің болжамды себебі – жалпы уыттану салдарынан пайда болған геморрагиялық панкреатит» деп көрсетілді.

4 шілде күні Ақмола облысында құймалы спирттік ішімдік шығаратын цех анықталды. Полиция қызметкерлері үш күдіктіні анықтап, ұстады. Олардан сатуға дайындалған өнімнің бір бөлігі тәркіленді. Алайда күдіктілер өнімнің басым бөлігін сатып үлгерген. Бұл адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img