spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
4.2 C
Kokshetau

Шортанды: Шектеу шараларын одан әрі жалғастыру маңызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданында жедел штаб отырысы кезінде атқарылған жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер белгіленді. Отырыс барысында аудандық аурухана мен тауар және қызмет сапасын бақылау басқармасының басшылары есеп берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аудан әкімі өңірдегі жалпы эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін шектеу іс-шараларын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Гайдар Қабдоллаұлы тиісті қызметтерге шектеу шараларын сақтау мәселесін бақылауға алуды және коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Шортанды ауданының әкімдігі Сіздің назарыңызға келесі қорғану шараларының сақталу тәртібін ұсынады:

  1. Сауда және дәріхана объектілеріне бару кезінде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
  2. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрын, түшкіру, дене қызуы) жедел медициналық жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмек алу үшін дереу хабарласу керек;
  3. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда топтық жиналыстардан бас тарту;
  4. Ересектердің қадағалауынсыз балалардың өз бетімен жүруіне, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың мекен жайынан шығуға тыйым салынады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика